Клод Гуан түрмеге жабылды

Клод Гуан 2017жылы "Мемлекет қаржысын жымқыру қылмысына ортақ болу және жасыру" қылмысымен сотталды.

1746926
Клод Гуан түрмеге жабылды

Францияның бұрынғы Ішкі істер министрі Клод Гуан сотталуы себепті мемлекетке төлеуге тиісті ақшаларды төлемегендіктен түрмеге жабылды.

Фарнцуз баспасөзіндегі хабарларға қарағанда Париж прокуратурасының шешімімен 77 жастағы Клод Гуан парақорлық сотында 2017 жылы берілген 75 мың еуролық ақшалай жаза мен 210 мың еуро зиян төлемін төлемегені себепті 13 желтоқсан күні Санте түрмесіне жолданды.

Адвокат Филипп Бушез Эль Гози Клод Гуанның қазынаға әлі 115 мың еуро қарызы бар екенін және қарызын ай сайын төлегенін білдірді. Сонымен берге Клод Гуанның денсаулығы себепті түрме жазасын қайта ойластыруды талап ететінін айтты. 

Бұрынғы президент Николя Саркози кезеңінде Ішкі істер министрі болған Клод Гуан 2017жылы "Мемлекет қаржысын жымқыру қылмысына ортақ болу және жасыру" сылтауымен 1 жыл шартты түрде, 2 жыл бас бостандығынан айыру және 75 еуро ақшалай жаза алған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар