Франциядағы ғимарат апатында 3 адам қаза тапты

Францияда ғимараттың құлауында көз жұмған адам саны 3-ке ұласты.

1745133
Франциядағы ғимарат апатында 3 адам қаза тапты

Францияның Санари-сюр-Мер қаласында жарылыс салдарынан үш қабатты ғимарат құлады. Үйінді астынан 36 сағаттан кейін тағы бір мәйіт шығарылды. Осылайша опатта жиыны 3 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды. 

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр, куәгерлер мен апат орнына келген құтқарушылар газдың иісін сезген. Көршілес үйлердің тұғындары эвакуацияланды.



Ұқсас жаңалықтар