Шахин: "Omicron нұсқасына байланысты алаңдаудың қажеті жоқ"

Угур Шахин мен Өзлем Түреджи Германияда журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

1741331
Шахин: "Omicron нұсқасына байланысты алаңдаудың қажеті жоқ"

Германияда жаңа типтегі коронавирусқа қарсы (ковид-19) вакцинаны жетілдірген BioNTech компаниясының негізін қалаушы түрік ғалымдары Угур Шахин мен Өзлем Түреджи Omicron нұсқасына байланысты алаңдаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Угур Шахин мен Өзлем Түреджи Германияның Майнц қаласында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Omicron нұсқасы туралы екі аптадан кейін жалпы мәліметтер жиналған соң нақты қорытындыға келе алатындарын атап көрсеткен Угур Шахин «Жаңа Omicron нұсқасы туралы алаңдаудың керегі жоқ. Дүрбелеңнің қажеті жоқ. Нұсқаның көптеген түрлі мутациялары бар екенін көреміз. Вакцинаның бұл нұсқаға аз әсер ететінін білеміз, бірақ сонымен бірге ауыр науқастанудан қорғайды» деді.

Шахин «Екпенің үшінші дозасынан кейін өте жақсы қорғаныс қамтамасыз етілгеніне сенімдіміз» деді.

Зерттеулерге қарағанда вакцинаның ешбір кері әсерінің байқалмағанын атап көрсеткен Шахин «Тартынғандарды көндіру керек» деді.

Өзлем Түреджи 2012 жылдан бері MRNA вакцинасы бойынша жұмыс істеп келе жатқандарына назар аударып, «Вакцинаның 20 мың адамда сынақтан өткізілуі және оның нәтижесінде 95 пайыз табысқа жеткеніңізді байқаған сәт, шындыққа қол жеткізген сәтіміз болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар