АҚШ 1996 жылдан бері Суданға алғаш елшісін тағайындады

Дипломат Джон Годфри АҚШ-тың Хартумдағы елшісі болып тағайындалды.

1739690
АҚШ 1996 жылдан бері Суданға алғаш елшісін тағайындады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Суданда уақытша сенімді өкіл деңгейіндегі дипломатиялық өкілдігін елші деңгейіне көтерді.

Суданның ресми ақпарат агенттігі SUNA хабарына қарағанда, дипломат Джон Годфри АҚШ-тың Хартумдағы елшісі болып тағайындалды.

Годфри екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тоқтаған 1996 жылынан бері АҚШ-тың Хартумдағы алғаш елшісі болды.

АҚШ-тың Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядтағы миссиясының вице-президенттік міндетін атқарған Годфри Венадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясы, Ирак, Ливия және Сирия елшіліктерінде қызмет етті.



Ұқсас жаңалықтар