Ковид-19 вакцинасын жылда бір рет салғызу жеткілікті

Угур Шахин Ковид-19 вакцинасын алдағы кезеңде тұмау вакцинасы сияқты жылда бір рет салғызудың әсерлі болатынын тілге тиек етті.

1736631
Ковид-19 вакцинасын жылда бір рет салғызу жеткілікті

BioNTech компаниясының құрушыларынан Профессор доктор Угур Шахин жаңа типті коронавирус індеті (Сovid-19) вакцинасының тұмау вакцинасы сияқты жылына бір рет салғызғанда жеткілікті болатынын айтты. 

Угур Шахин "Bild am Sonntag" газетіне берген сұхбатында үшінші компоненті бастаған вакциналардың Ковид-19 індетіне қарсы қорғауды жоғарлататынын және осы компоненттің алдыңғы екі компоненттен ұзақ уақыт әсерлі болуы күтілгенін білдірді.

Угур Шахин Ковид-19 вакцинасын алдағы кезеңде тұмау вакцинасы сияқты жылда бір рет салғызудың әсерлі болатынын тілге тиек етті.

Өзінің BioNTech компаниясы жетілдірген Ковид-19 вакцинасының қорғауы вакцина егілгеннен 4 ай өткеннен кейін азая бастайтынын айтқан Шахин осыған қарамай жақында жарияланған клиникалық зерттеу нәтижесінде вакцинаның  қатты ауруға қарсы тоғыз ай сақтық мүмкіндігі болғаны анықталғанын білдірді.

Угур Шахин:

"Booster (ескерту) вакцинасы әрі салғызған науқасты қорғайды, әрі жұғымдалу мөлшерін тосады" деді.

Шахин осы әдіс қыс маусымында вируспен күресті жеңілдетуге есе қосатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар