Қытай Ауғанстанға көмек жолдады

Жүк пойызы Ауғанстанға 12 күнде жетеді деп күтілуде.

1736931
Қытай Ауғанстанға көмек жолдады

Қытай қыс маусымы қарсаңында Ауғанстанға 1000 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Шинхуа агенттігінің хабарлауынша, 50 контейнер киім-кешек, азық-түлік және қажетті заттар тиелген жүк пойызы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан жолға шыққан.

Жүк пойызы Ауғанстанға 12 күнде жетеді деп күтілуде.

«Талибан» Америка Құрама Штаттарының шегініп кетуімен бақылауды қолға алғаннан бері Қытай Шыңжаңнан Ауғанстанға үш жүк пойызымен барлығы 2600 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.



Ұқсас жаңалықтар