Беларусь пен Польша шекарасындағы босқындар қиыншылық шегуде

Беларусь-Польша шекарасындағы өткізу бекетінің жанындағы лагерьдегі босқындар кішігірім топтарға бөлінді.

1736744
Беларусь пен Польша шекарасындағы босқындар қиыншылық шегуде

Беларусь-Польша шекарасы Гродно облысындағы Брузги бақылау-өткізу бекетінің маңында іштерінде әйелдер мен балалар да бар көбі ирактық пен сириялық мөлшермен 2 мың адам қиын күндер өткізуде.

Беларусь халқы, Төтенше жағдай министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Шекара комитеті және армия шекарада күткен босқындарға жәрдем беруде. Бірақ тағы көп гуманитарлық жәрдем жасалуы керек, сонымен қатар медициналық мәселелер де көбеюде.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) делегациясы осы жерге барып, тексеру жүргізді.  

ДДСҰ делегациясына мағлұмат берген Беларусь президентінің орынбасары Юрий Караев бұл жердегі адамдарға 24 сағат медициналық қызмет көрсеткенін, осы таңға дейін 100 адамның түрлі науқас салдарынан ауруханаға апарылғанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар