Ауғанстанда әйелдерге бірқатар шектеу

Талибан теледидарға байланысты шектеулерді жариялады.

1736926
Ауғанстанда әйелдерге бірқатар шектеу

Ауғанстандағы Талибан әкімшілігі әйелдердің теледидарға шығуына бірқатар шектеу қойды.

Жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыйылу министрлігі жасаған мәлімдемеде елдегі барлық телеарналарға ұстанылуы тиіс жаңа ережелер жіберілгені айтылды.

Мәлімдемеде жаңа ережеге сәйкес, телеарналардағы жүргізуші әйелдер исламдық хиджабты сақтауға міндетті екені атап өтілді.

Мәлімдемеде жаңа ережелерді сақтау керектігі айтылып, актрисалар ойнайтын телехикаялар мен театр көріністерін, сондай-ақ ислам қағидалары мен Ауғанстан заңдарына қайшы келетін барлық фильмдер мен сериалдарды көрсетпеу сұралды.

Мәлімдемеде жеке тұлғаларды қорлайтын бағдарламаларды эфирден алып тастау талап етілді.

Сонымен бірге пайғамбарлар мен сахабалардың рөлін көрсететін телехикаяларды көрсетуге тыйым салынады. Мәлімдемеде елдегі кейбір телеарналардың әлі де ислам қағидалары мен ауған дәстүрлеріне қайшы бағдарламаларды көрсетіп отырғаны алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар