Қауіпсіздік күштері халыққа оқ атты

Шерулерде қаза тапқан адам саны 15-ке жетті.

1735471
Қауіпсіздік күштері халыққа оқ атты

Суданда кеше түрлі қалаларда болған төңкеріске қарсы шерулерде қауіпсіздік күштері халыққа оқ атты.  Шерулерде қаза тапқан адам саны 15-ке жетті.

Суданның бас қаласы Хартум, Солтүстік Хартум және Омдурман қалаларында кеше «Әскери күшке жоқ» деген ұранмен шерулер өтті. 

Судан Дәрігерлер орталық комитеті қауіпсіздік күштерінің оғынан қаза тапқан азамат санының 15-ке жеткенін білдірді.  Алдынғы хабарламада өлі саны 10 деп көрсетілген еді.

Хабарламада ондаған шерушінің де жарақат алғаны,  кейбірінің жағдайының ауыр екені айтылған.

Куәгерлердің айтуынша қауіпсіздік күштері үш қалада да шерулердің алдын алу үшін щын оқ пен көз жасаурататын газ қолданған.  Ұялы телефондармен байланысты үзген.

Шерушілер биліктің азаматтарға берілуін және 25 қазан төңкерісінің басшыларының сотталуын талап етеді.



Ұқсас жаңалықтар