Еуроодақ Беларусьтағы босқындарға 700 мың евро бөлді

Еуропа Одағы Беларусь шекарасындағы босқындарға азық-түлік және жедел жәрдем материалдарын жолдауға 700 мың евролық жәрдем бөлді.

1735337
Еуроодақ Беларусьтағы босқындарға 700 мың евро бөлді

Еуропа Одағы Беларусь шекарасындағы босқындарға азық-түлік, көрпе-жастық, тазалық және жедел жәрдем материалдарын жолдау мақсатымен 700 мың евролық жәрдем беруді мақұлдады.

Еуропа Одағы комиссиянан жасалған жазбаша мәлімдемеде одақтың Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары Федерациясына  (IFRC) алдымен 200 мың евро бөлгені білдірілді.

Мәлімдемеде қордың Еуропа Одағының Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары Федерациясының  (IFRC) Апатқа жәрдем қорына есе қосқаны, аталмыш ұйымды және Беларусь Қызыл крест ұйымын қажетті материалдармен қамдау үшін қолдау берілетіні білдірілді.

Еуропа Одағының 500 мың евролық қосымша жәрдем қаржысын бөлгені және оны тарату үшін ортақ ұйымдармен байланыс жасалғаны білдірілген мәлімдемеде Еуропа Одағы комиссиясының дағдарыс әкімшілігіне жауапты мүшесі Янез Ленарчичтің екі тараптағы қатысты ұйымдармен босқындардың гуманитарлық жәрдемге үнемі қол жеткізуін қамдауға шақырғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар