Ковид-19 дәрісі өндіріледі

Pfizer-дің Ковид-19 үшін жетілдірген "antivira" атты дәрі өндіріледі.

1734752
Ковид-19 дәрісі өндіріледі

Америка дәрі компаниясы Pfizer жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне арнап жетілдірген және ішілетін "antivira" дәрісін өндіру мен тарату үшін ерікті лицензиялық келісімге қол қойылғаны жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева офисіндегі баспасөз жиналысында сөз сөйлеген халықаралық денсаулық сақтау ұйымы Unitaid баспасөз хатшысы Эрве Верхусел Pfizer зерттеген "PF-07321332" атты ішілетін дәріге байланысты соңғы жағдайды баяндады. 

Эрве Верхусел Ковид-19 індетіне қарсы жетілдірілген осы дәріні өндіру үшін Pfizer-дің Фармацевтикалық патенттік ұйымымен (MPP) "Ерікті лицензиялық келісіміне" қол қойылғанын хабарлады.

Unitaid баспасөз хатшысы Эрве Верхусел: 

"Осы келісіммен Фармацевтикалық патенттік ұйымымен (MPP) бірге дәріні өндіру, тарату және сапалы дәрі өндіретін компанияларға лицензия беріліп, жаһандық өреде дәріге көлемді қол жетімділікті қамдауға мүмкіндік жаратылатынын" айтты.



Ұқсас жаңалықтар