Беларусь-Польша шекарасындағы босқын дағдарысы

Біріккен Ұлттар Ұйымы Беларусь-Польша шекарасында Еуропаға өтуге тырысқан босқындарға қарсы күш қолданбауы жайлы үндеу тастады.

1734995
Беларусь-Польша шекарасындағы босқын дағдарысы

Беларусь-Польша шекарасы Гродно облысындағы Брузги бақылау-өткізу бекетінің маңында орналасқан. Арқалаған жүктері мен балалары бар қалың топ Беларусьтің Польша бағытындағы федералдық тас жолдарының бірінде қозғалысты тоқтатты. Ресми шекара бекетіне адамдарды кіргізбеді. Олар енді орман арасын мекендеп күнелтпек. Босқындар шатыр тігіп, от жағып жатыр.

Беларусь президенті Александр  Лукашенко Гродно облыстық әкімшілігіне шекарадағы босқындардың  түнді өткізулері үшін жабық бір орын дайындауы жайлы бұйрық берді.

Осы барыста Беларусь тергеу комиссиясы шекарадағы босқындар мен Польша қауіпсіздік күштері арасында шыққан кикілжіңнен кейін аймақта тексеру жүргізе бастады.

Польша қауіпсіздік күштерінің Беларусь тарапындағы топтарға қарсы килігуімен байланысты мәлімдеме жасаған Беларусь сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Анатолий Глаз "Мұндай әрекеттердің екі жақтылы және халықаралық келісімдерді бұзғанын айту мағынасыз" деді.

Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінен жасалған мәлімдемеде де "Польша қауіпсіздік күштері тарапынан қарусыз адамдарға қарсы қаруы қолданулары құжатқа тіркелді" делінді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Беларусь-Польша шекарасында Еуропаға өтуге тырысқан босқындарға қарсы күш қолданбауы жайлы үндеу тастады.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар