Талибан ДАИШ-ке қарсы операция жүргізді

Террорлық ұйымның үш мүшесі өлтірілді.

1734208
Талибан ДАИШ-ке қарсы операция жүргізді

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар уәлаятында Талибан күштері ДАИШ террорлық ұйымына қарсы операция жүргізді.

Бұл туралы Талибанның уақытша үкіметінің Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хости білдірді. Ол баспасөзге берген мәліметінде Кандагардың Сейдал аймағында ДАИШ террорлық ұйымына қарсы операция жүргізілгенін айтты.

Операцияда террорлық ұйымның үш мүшесінің өлтірілгенін айтқан Хости операция барысында екі бейбіт тұрғынның да қаза тапқанын атап көрсетті.

Талибанның Кандагардағы баспасөз хатшыы Шемс Самим болса операцияда ДАИШ террорлық ұйымының сегіз мүшесінің ұсталғанын,  екі террористтің өзін өзі жарып жібергенін айтты. Самим операция барысында Талибан күштерінің зиян шекпегенін, операцияның аяқталғанын білдірді.

Талибан елде билікке келгеннен кейін ДАИШ террорлық ұйымы Ауғанстанда шабуылдарын арттырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар