Польша шекара аймағына журналисттердің кіруіне рұқсат береді

Польшада Беларусь шекарасына журналистердің белгілі шарттармен кіруіне рұқсат беретін заң жобасы мақұлданды.

1734546
Польша шекара аймағына журналисттердің кіруіне рұқсат береді

Премьер-министрлік кеңсесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде үкімет тарапынан ел шекарасын қорғау заңы туралы ереже қабылданғаны хабарланды.

Мәлімдемеде реттеудің шекараларды одан тиімдірек қорғауды қамтығаны, сонымен бірге журналистердің Польша-Беларусь шекарасына белгілі шарттарда кіруіне рұқсат етілгені атап өтілді.

Екі ел шекарасында Еуропаға көшуге әрекет жасаған босқындардың қысымының жалғасқанына назар аударған мәлімдемеде Беларусь тарапының ұстанымы ерекше атап өтілді.

Мәлімдемеде реттеумен шекара қорғаушылардың қауіпсіздігінің де арта түсетіні және журналистердің шекаралық аймақта ерекше шарттармен жұмыс істей алатыны айтылды.

Парламент спикері Рысард Терлецки әсіресе Мемлекеттік БАҚ-қа рұқсат етілетіні аймақтық журналисттерге рұқсат етілмейтінін атап көрсетті.

Еуропаға қоныс аударғысы келетін және Беларусьтен Польшаға өтуге әрекет жасаған адамдар екі елдің шекарасында шиеленіске себеп болғандықтан Варшава аймақта төтенше жағдай жариялады. Шамамен 400 шақырым ұзындығындағы аймаққа журналистер мен азаматтық қоғамдардың кіруіне рұқсат бермеді.



Ұқсас жаңалықтар