Армения Қорғаныс министрі босатылды

Никол Пашинян лауазымдылармен Армения-Әзербайжан шекарасындағы оқиғаларды талқылаған.

1734248
Армения Қорғаныс министрі босатылды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қорғаныс министрі Аршак Карапетянды міндеттен босатты.

Армения үкіметінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Никол Пашинянның лауазымдылармен Армения-Әзербайжан шекарасындағы оқиғаларды кеңескені білдірілді.

Аталмыш жиналыста әсіресе "шекара бұзушылық" тақырыптары талқыланғаны жазылған мәлімдемеде:

"Никол Пашинян шекарадағы оқиғалар себепті Қорғаныс министрі Аршак Карапетянды міндеттен босатып, жаңа Қорғаныс министрі міндетіне Премьер-министрдің орынбасары Сурен Папикянды тағайындады" деп көрсетілді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 10 қарашадағы мәлімдемесінде екі ел шекарасындағы Лачин уәлаяты бағытында Армения әскерлерінің әрекеттері тосылғанын хабарлаған болатын.

Мәлімдемеде Армения әскерлерінің қақтығыс туғызу мақсатымен Әзербайжан армиясы базаларының арасындағы жолды жабуға талпынғаны, алайда аймаққа барған Әзербайжан әскерлерінің оларды қоршағаны, артынан армян әс керлерінің үйлеріне кетуіне рұқсат берілгені білдірілген еді. 



Ұқсас жаңалықтар