АҚШ босқын дағдарысы үшін Беларусь пен Ресейді айыптады

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Нед Прайс мәлімдеме жасады.

1733891
АҚШ босқын дағдарысы үшін Беларусь пен Ресейді айыптады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Польша-Беларусь шекарасындағы босқын дағдарысы үшін Беларусь әкімшілігі мен Ресейді айыптады. 

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Нед Прайс Блинкен мен Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рау арасындағы телефон әңгімесімен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеге қарағанда Блинкен АҚШ-тың Польша-Беларусь шекарасындағы босқын дағдарысы үшін Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресейді ашық түрде айыптағанын айтты. 

Мәлімдемеде «Лукашенко режимінің әрекеттері аймақтағы қауіпсіздікке қатер төндіріп, шатақ тудырғанда, Ресейдің Украина шекарасында басқан қадамдары назарды басқа жаққа аударуды мақсат етеді» делінді. 

Блинкен сондай-ақ Беларусьтің «босқындарды өз мүдделері үшін пайдаланын» алға тартып бұл ел мен Ресейге бағытталған батыс санкцияларының артуы мүмкін екені жөнінде ескерту жасады. 

Ирак Беларусь пен Польша шекарасындағы 8 лагерьде 571 азаматының тіркелгенін жариялап, кейбір мемлекеттермен өз азаматтарының сол жаққа бармауы үшін жұмыс бастағандарын жариялады. 

Еуропаға бару арманымен жолға шыққан және Польша-Беларусь арасында тығырыққа тірелген мыңдаған босқын салқын ауа райы мен дұрыс тамақтанбағаны себепті қиын шарттарда өмір сүруде. 



Ұқсас жаңалықтар