Еуроодақ Ковид-19 дәрісін қолдануды ұсыныс етті

Ұлыбритания аталмыш дәріні қолдануға рұқсат берген тұңғыш ел атанған болатын.

1729545
Еуроодақ Ковид-19 дәрісін қолдануды ұсыныс етті

Еуропа Одағының дәрі-дәрмек реттеуші мекемесі Еуропа Дәрі агенттігі (EMA) Американың Merck компаниясы өндірген "Molnupiravir" атты дәріні жаңа типті коронавирус індетін емдеуде шұғыл қолдануды ұсыныс етті.

Агенттіктің вакцина стратегиялық жауаптысы Марко Кавалери баспасөз жиналысында "Molnupiravir" атты дәрінің вирустың денеге жайылуын азайтатыны, ауруханаға жату және өлім мөлшерін төмендететіні анықталғанын жариялады. 

Марко Кавалери Еуропа Дәрі агенттігінің Еуропа Одағы елдеріне осы емдеуді нарыққа шығару рұқсатын күтпей,  шұғыл қолдану үшін дайындауларын ұсыныс еткенін хабарлады.

Ұлыбритания аталмыш дәріні қолдануға рұқсат берген тұңғыш ел атанды.

Еуропа Дәрі агенттігінің Moderna компаниясының "Spikevax" атты вакцинасының 3-ші компонентін 18 жастан жоғарғыларға егуді ұсыныс еткенін ескерткен Марко Кавалери осы қосымша компоненттің delta штаммына қарсы 18 есе көп антидене өндіретінін көрсеткенін айтты. 

Еуропа Дәрі агенттігінің  клиникалық жұмыс пен өндіріс жауаптысы Фергус Суини:

"Еуропадағы эпидемиологиялық жағдай өте алаңдатады. Қыс келе жатқанда оқиғалар артты, ауруханаға жату мен өлім мөлшері көбейді" деді. 



Ұқсас жаңалықтар