ДДСҰ Covaxin вакцинасына рұқсат берді

ДДСҰ Covaxin вакцинасының 18 жастан жоғарғы топтағыларға 4 аптада 2 компонент қолдануды ұсыныс етті.

1729009
ДДСҰ Covaxin вакцинасына рұқсат берді

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы Үндістанда биологиялық технология компаниясы Bharat Biotech өндірген Covaxin вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсат берді. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан жасалған жазбаша мәлімдемеде әлемдегі көптеген маман қатысқан "Техникалық Ақылдастар тобының"  бас қосқаны білдірілді. 

Жиналыста Covaxin вакцинасының Ковид-19 індетіне қарсы қорғауда ДДСҰ мәртебесіне жеткені, вакцинаның пайдасы қауіптен көп екені анықталғандықтан қолдануға болатынына шешім қабылданды.

Ұйымға вакциналарды қолдану жөнінде ақыл беретін Стратегиялық Мамандар ақылдасу тобы (SAGE) вакцина жайлы мәліметтерді зерттеді және Covaxin вакцинасының 18 жастан жоғарғы топтағыларға 4 аптада 2 компонент қолдануды ұсыныс етті.

Мәлімдемеде Covaxin вакцинасының екінші компоненттен 14 күн кейін Ковид-19 індетіне қарсы 78 пайыз әсерлі және сақталуы тұрғысынан төмен және орта кірісті елдер үшін лайықты вакцина екені жарияланды.

ДДСҰ осы шешімімен Ковид-19 індетіне қарсы 18-ші вакцинаға қолдану рұқсатын берді.

ДДСҰ 31 желтоқсанда Pfizer-BioNTech компаниясының Ковид-19 вакцинасына, артынан Oxford-AstraZeneca вакцинасына, AstraZeneca-ның вакцина өндіріушісі  Үндістан сарысу институты өндірген вакцинаға, Moderna, Janssen және Қытайдың Sinopharm компаниясы өндірген вакциналарға шұғыл қолдану рұқсатын берген болатын. 

Ұйым 1 маусымда Түркияда да қолданылған Қытай жетілдірген Sinovac вакцинасын қолдануға рұқсат берді. 



Ұқсас жаңалықтар