Yahoo Қытай нарқынан шегінді

Қытайда Google, Facebook және Twitter сияқты АҚШ компанияларының интернет пен әлеуметтік медиа қызметтеріне қол жеткізу тосылған.

1728410
Yahoo Қытай нарқынан шегінді

Кең таралған электрондық пошта клиенті және танымал америкалық интернет парақшасы Yahoo "заңдық және жұмыс саласында артқан қиыншылықтар себепті" Қытай нарқынан шегінуге шешім қабылдады.

Компаниядан жасалған мәлімдемеде 1 қарашадан бастап Қытай құрлығында  интернет қызметі қамдалмайтыны білдірілді.

Компанияның нарықтан шегіну мәлімдемесі Қытайда "Жекеменшік мәліметтерді қорғау заңының" 1 қарашадан бастап атқарылуынан кейін жасалды.

Қытайдағы заңдық тәртіпке сай интернет парақшаларының қолданушы мәліметтерін билеушілермен бөлісу мәжбүрлігі бар. 

Yahoo 2007 жылы қытайлық екі оппозиционердің мәліметін үкіметке беріп, түрмеге кіруіне себеп болғаны сылтауымен АҚШ Конгресінің мүшелерін сынға алған болатын. 

Компания осының алдында елдегі іс-шараларын азайтып, 2015 жылы Пекиндегі офисін жапқан. 

Microsoft'тың адамзат қайнарлары парақшасы Linkedin қазанда Қытайдағы платформаның әлеуметтік желі бөлімін жабуға шешім жасады.  

Қытайда Google, Facebook және Twitter сияқты АҚШ компанияларының интернет пен әлеуметтік медиа қызметтеріне қол жеткізу тосылған.



Ұқсас жаңалықтар