62 журналист міндет кезінде өлтірілді

Антониу Гутерреш "2 Қараша журналистерге қарсы қылмыстарда жазаламаумен күрес Халықаралық күніне" орай үндеу жариялады.

1728419
62 журналист міндет кезінде өлтірілді

Өткен жылы 62 журналисттің міндет атқарып жатқан кезде өлтірілгені жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш "2 Қараша журналистерге қарсы қылмыстарда жазаламаумен күрес Халықаралық күніне" орай жариялаған видеолы үндеуінде:

"Қателіктерді зерттеген және шындықты айтқан журналистер болмаса, ешқандай қоғам еркін болмайды" деді. 

Өткен жылы 62 журналисттің міндет атқарып жатқан кезде өлтірілгенін айтқан Бас хатшысы Антониу Гутерреш соңғы жылдарда парақорлық пен адам құқығына қайшылық жасауды зерттеген кезде өлтірілген журналистердің саны артқанына назар аударды.

Журналистерге бағытталған 10 қылмыстың 9-ы жазасыз қалғанын білдірген Гутерреш журналистердің жұмыс барысында алып қашырылуы, қорқыту және азаптау сияқты қауіптерге де дөп келгеніне меңзеп, елдерді журналистерге бағытталған қылмыстарды тергеуге және жазасыз қалдырмауға шақырды. 



Ұқсас жаңалықтар