Мысыр мен АҚШ Қызылтеңізде жаттығу өткізді

Ортақ әскери жаттығуға Мысыр Теңіз күштерінен «Александрия» фрегаты, Америка Құрама Штаттарының Теңіз күштері “USS Portland” әскери кемесі қатысқаны хабарланды.

1727738
Мысыр мен АҚШ Қызылтеңізде жаттығу өткізді

Мысыр мен Америка Құрама Штаттарының Теңіз күштері Қызылтеңіздің оңтүстігінде ортақ әскери жаттығу ұйымдастырды.

Мысыр армиясының мәлімдемешісі Полковник Гарип Абдулхафиз ресми әлеуметтік желіден жариялаған мәлімдемесінде Қызылтеңіздің оңтүстігінде ұйымдастырылған ортақ әскери жаттығуға Мысыр Теңіз күштерінен «Александрия» фрегаты, Америка Құрама Штаттарының Теңіз күштері “USS Portland” әскери кемесі қатысқанын хабарлады.

Полковник Гарип Абдулхафиз әскери жаттығу аясында Қызылтеңізде әуеден және теңізден келуі мүмкін қауіптерге қарсы теңіз және теңіз қатынасы амандығын сақтау және сауда жүк кемелерінің қорғалуы сияқты міндеттер атқарылатынын білдірді.

Полковник Гарип Абдулхафиз сонымен бірге әскери жаттығудың "Мысыр Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының дос елдердің қарулы күштерімен бірге білім өресін жоғарлату мен өзара сынақ жасасу жоспары" көлемінде өткізілгенін атап айтты. 

Мәлімдемеде жаттығудың қашан өткені және уақытына байланысты мәлімет берілмеді. 

Мысыр мен Америка Құрама Штаттарының Теңіз күштері Қызылтеңізде 2021 жылы 19 қазанда ортақ әскери жаттығу ұйымдастырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар