Донбасс пен Қырым-екі экологиялық бомба

Зеленский Донбасс пен Қырымның Еуропаның орталығында екі экологиялық бомба екенін айтты.

1727875
Донбасс пен Қырым-екі экологиялық бомба

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс пен Қырымның Еуропаның орталығында екі экологиялық бомба екенін айтты.

Зеленский Шотландияның Глазго қаласында ұйымдастырылған Біріккен Ұлттар Ұйымының 26-шы Климат өзгерісі конференциясында (COP26) сөз сөйледі.

Украинаның Париж келісіміне қол қойған Еуропадағы алғашқы елдің бірі екенін түсіндірген Зеленский нысаналарының 2030 жылына дейін улы газ эмиссияларын  65 пайыз азайту болғанын білдірді.

1994 жылы Украинаның қауіпсіздік жөнінде уәделер алғанын, сондай-ақ кейбіреулерінің орындалмағанын еске салған Украина лидері "Еуропаның орталығына Донбасс пен жаулап алынған Қырым сынды екі экологиялық бомба түсті" деді.



Ұқсас жаңалықтар