Хартум халықаралық әуежайы жабылды

Суданда болған ереуілдерден кейін Хартум халықаралық әуежайы жабылды.

1725508
Хартум халықаралық әуежайы жабылды

Судан Азаматтық авиация басқармасынан жасалған мәлімдемеде 26-30 қазан күндері аралығында Хартум халықаралық әуежайдың рейстерге жабық болатыны білдірілді.

Түрік әуе жолдары да Суданның астанасы Хартумға бүгін және ертең ұшатын рейстерін елдегі оқиғалар салдарынан тоқтатқан еді.

Еске сала кетейік, Суданда 25 қазан таңғы уақытта премьер-министр Абдулла Хамдук пен көптеген саяси қайраткер бақылау астына алынған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар