Йемендегі қақтығыстарда 814 адам қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұймының көзқарасы бойынша 30 миллион халық саны болған Йеменде 22 миллионнан астам адам жәрдемге және қорғауға мұқтаж.

1724246
Йемендегі қақтығыстарда 814 адам қаза тапты

Йеменде үкімет және коалиция күштері мен Иран қолдауындағы хоусит сарбаздары арасында қақтығыс болды. Қырғын қақтығыстарда 814 адам қаза тапты.

Сауд Арабиясының ресми хабар агенттігі "SPA"-ның хабарына қарағанда Мариб уәлаятының батысындағы Әл-Кенсара ве Әл-Джевбе аймақтарында соңғы 72 сағатта 88 операция ұйымдастырылды.

Операцияларда 264-тен астам хоусит сарбазының залалсыздандырылғаны және 36 әскери көліктің күйретілгені білдірілді.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхя ес-Сери болса жасаған мәлімдемесінде Хоусит сарбаздарының 550 адамды өлтіргенін, 1200 адамды жаралағанын және 90 адамды тұтқынға алғанын айтты.

Біріккен Ұлттар Ұймының көзқарасы бойынша 30 миллион халық саны болған Йеменде 22 миллионнан астам адам жәрдемге және қорғауға мұқтаж.

 

 



Ұқсас жаңалықтар