Қасақана өртеуге тырысты

Кім екені белгісіз кісілер түріктердің үйін қасақана өртеуге тырысқан.

1722717
Қасақана өртеуге тырысты

Германияның Солинген қаласында бір түрік азаматтың үйінің балконына «Молотов коктейлі» деп аталатын жандырғыш қоспасы лақтырылған.  Кім екені белгісіз кісілер түріктердің үйін қасақана өртеуге тырысқан.

Прокуратура мен полиция хабарлама жасап,  оқиғаға байланысты адам өлтіруге талпыну қылмысынан тергеу басталғанын білдірді.  Оқиғаның әшкереленуі үшін куәгерлерден көмек сұрады.

Шверт даңғылындағы көп қабатты үйдің бір пәтерінің балконына түнгі сағат 02 кезінде жандырғыш сұйықтық құйылған бөтелке лақтырылған. Оқиғада 48 жасар әйел жеңіл жараланған. Ол өртті өз мүмкіндіктерімен сөндіргеннен кейін полицияға хабар берген.

1993 жылдың 29 мамыр күні де Германияның Солинген қаласында Мевлүде және Дурмуш Генч отбасының үйі де нәсілшілдер тарапынан өртелді. Оқиғада бес кісі қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар