БҰҰ Солтүстік Кореяға кездесу жөнінде ұсыныс жасады

Линда Томас Гринфилд Солтүстік Кореяға алғы шартсыз кездесу ұсынысын жасағандарын айтты.

1722730
БҰҰ Солтүстік Кореяға кездесу жөнінде ұсыныс жасады

Америка Құрама Штаттарының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас Гринфилд Солтүстік Кореяға алғы шартсыз кездесу ұсынысын жасағандарын және "жалғастыруға болатын диалог" құру уақытының келгенін айтты.

Солтүстік Кореяның "баллистикалық зымыран сынағын" жасағанын мәлімдегеннен кейін АҚШ және Ұлыбритания Пхеньянның ядролық бағдарламасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне көтерді.

Линда Томас Гринфилд журналисттерге жасаған мәлімдемесінде Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағын айыптады және бұл сынақтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қайшы екенін айтты.

Солтүстік Кореяның соңғы баллистикалық зымыран сынағының бір провокация болғанын түсіндірген Гринфилд  Пхеньянға бұдан кейін провокация жасамауы жайлы үндеу тастады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар