"Ауғанстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның Ауғанстаннан шығарылуынан сабақ алатынын айтты.

1723060
"Ауғанстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік"

Столтенберг Бельгияның бас қаласы Брюссельде НАТО штаб-пәтерінде басталатын және Түркия атынан Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар қатысатын НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы алдында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

«Ауғанстаннан алынатын ең маңызды сабақ қандай?» деген сұраққа жауап қайтарған Столтенберг осы кезеңде қандай сабақ алу керектігі туралы жұмыстардың жалғасып жатқанын және қорытынды жасауға әлі ерте екенін атап көрсетті.

Шегінумен Талибанның оралуы, қалу арқылы қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтың жалғасуы арасында қалғандарын айтқан Столтенберг ұзақ келіссөздердің нәтижесінде осы жаз маусымында шығуға шешім қабылданғанын еске салды. Столтенберг «Алынған сабақтармен байланысты процесс, жұмыстың қай жерде істеп, қай жерде істемегеніне бағытталуы керек. Талибанның қайта оралуы жылдар бойы жан-тәнімізбен қолдаған ауған халқы үшін бір трагедия. Сондай-ақ мұны ұмытпауымыз керек. Ауғанстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Сол жердегі күш-жігеріміз текке кеткен жоқ. Ауғанстанның халықаралық терроризм ошағына айналуына жол бермедік. Сондай-ақ НАТО одақтастарына қарсы Ауғанстаннан келетін шабуылдардың да 20 жыл бойы алдын алдық. Қазір дайын боламыз және осы жетістіктерді қорғаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар