С. Корея жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Жаңа зымыран сүңгуірден лақтырылған.

1722321
С. Корея жаңа баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Солтүстік Корея 19 қазан күні сынақтан өткен зымырандардың бірінің «сүңгуірден лақтырылған жаңа типті баллистикалық зымыран» екенін жариялады.

Солтүстік Кореядағы ақпарат агенттігі KCNA Қорғаныс ғылымдары академиясына сүйеніп берген хабарында Солтүстік Кореяның кеше жаңа зымыран сынағанын білдірді.

Хабарда зымыранның «қанат қимылы және сүзіліп секіру мобильдігін де қосқанда жоғары технологиялық бақылау бағыт беру» ерекшелігіне ие екені айтылды.

Агенттік «Сүңгуірден лақтырылған жаңа типтегі баллистикалық зымыран сынағы 8.24 Yongung кемесінен жүзеге асырылды” деген сөздер қолданды.

Kyodo агенттігіне қарағанда, Жапония Сыртқы істер министрлігі Азия және Океания істері бас директоры Фунакоши Такехиро АҚШ және Оңтүстік Кореяның Солтүстік Корея арнайы өкілдерімен Вашингтонда кездесті.

Америка Құрама Штаттарынан дипломат Сунг Ким мен Оңтүстік Корея дипломаты Нох Ку Дук қатысқан кездесуде Фунакоши Пхеньянның ядролық қару бағдарламасы жөнінде көзқарас алмасты.

Үш дипломат Корея түбегінің ядролық қарудан тазартылуы үшін шақыру тастады. Осы тақырыпта дипломатиялық жұмыстардың жалғастырылуы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюцияларын толық орындауға келісті.



Ұқсас жаңалықтар