Франция елшісі депортацияға ұшырады

Ол ел президентіне сенімхатын тапсырмаған.

1721047
Франция елшісі депортацияға ұшырады

Беларусь президенті Александр Лукашенкоға сенімхатын тапсырмаған Францияның елшісі депортацияға ұшырады.

Былтыр желтоқсан айында Францияның Беларусьтегі өкілетті елшісі ретінде міндетін бастаған Николас де Лакост Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макейге сенімхатын тапсырды.

Алайда елші президент Лукашенкоға сенімхаттың көшірмесін тапсырмағаннан кейін екі ел арасында дипломатиялық дағдарыс шықты.

Беларусь елшінің елден кетуін талап етті. Елші кеще Минсктен кетіп, еліне оралды.

Еуропа Одағы Беларусьте болған соңғы сайлаудан кейін Лукашенконың билігін танымайтынын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар