Нигерде мешітке жасалған шабуылда 10 адам көз жұмды

Намаз кезінде мотоциклдермен мешітке барған шабуылшылар мешітке қарай оқ жаудырды.

1719495
Нигерде мешітке жасалған шабуылда 10 адам көз жұмды

Нигердің Тиллабери аймағындағы бір мешітке терррористтер тарапынан жасалған шабуылда 10 адам қаза тапты.

Жергілікті баспасөзде орын алған хабарларға қарағанда Нигер, Мали және Буркина-Фасо шекарасында орын алған Абанкор ауылында бір мешіт террористтердің шабуылына душар болды.

Намаз кезінде мотоциклдермен мешітке барған шабуылшылар мешітке қарай оқ жаудырды.

Лаңкестік шабуылда 10 адам ажал құшты және көптеген адам жарақат алды.

Көршілес ел Малиде әрекет жасаған Әл-Каида және ДАИШ-пен байланысты террорист топтар Буркина-Фасо және Нигерде үнемі шабуыл ұйымдастыруда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының санақтарына қарағанда Нигердегі террористтік шабуыл салдарынан 3 жылда 313 мың адам ел ішінде қоныс аударды. 235 мың адам көрші елдерге паналауға мәжбүр болды.

 



Ұқсас жаңалықтар