Сомалиде жасалған шабуылда 6 кісі қаза тапты

Могадишодағы екі ауданда болған екі бомбалы шабуылда 6 кісі қаза тапты.

1718672
Сомалиде жасалған шабуылда 6 кісі қаза тапты

Шығыс Африка елі Сомалиде ұйымдастырылған 2 бомбалы шабуылда 6 кісі қаза тапты.

Бас қала Могадишоның Якшид аймағындағы полиция лауазымдысы Хасан кісі көп отырған бір мейрамханаға бомбалы шабуыл жасалғанын айтты.

Шабуылда 3 кісі қаза тапқаны, көптеген адам жараланғаны білдірілді.

Жаралылардың ауруханаға жеткізілгенін айтқан Хасан қазірге дейін шабуылды ешкім мойнына алмағанын хабарлады. 

Сонымен бірге азанда Дауниле аймағында болған жарылыста барлау ұйымының бір қызметкері мен 2 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар