Ауғанстандағы жағдай өте қиын

Жозеп Боррель Ауғанстандағы жағдайдың өте қиын екенін білдіріп, жедел аттанысқа келу керектігін айтты.

1718147
Ауғанстандағы жағдай өте қиын

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррель Ауғанстандағы жағдайдың өте қиын екенін білдіріп, жедел аттанысқа келу керектігін айтты.

Еуропа Одағы Даму Банктері Боррельдің қатысуымен видеоконференция арқылы Ауғанстанмен байланысты бейресми жиналыс өткізді.

Боррель жиналыста "Ауғанстандағы гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық жағдай күйреудің алдында. Норвегия босқын кеңесінің көзқарасы бойынша егер жеткілікті жәрдем жасалмаған жағдайда кем дегенде 1 миллион бала биылғы аяздан және ашаршылықтан өлуі мүмкін. Қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Тез қарқынды түрде аттанысқа келуіміз керек" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар