Франция Ұлыбританияны келіссөз бастауға шақырды

Дарманин ағылшын үкіметінің уәде берген қаржыны төлемегенін білдірді.

1717735
Франция Ұлыбританияны келіссөз бастауға шақырды

Франция Еуропа Одағы мен Ұлыбритания арасында бір көш келісімі үшін келіссөз бастауға шақырды.

Франция Ішкі істер министрі Жеральд Дарманин елінің солтүстіктегі шекара бақылауы және заңсыз босқындар туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Еуропа Одағы мен Ұлыбритания арасындағы бір босқын келісім үшін келіссөз басталуы керектігін білдірген министр ағылшын үкіметін Франция жағалауынан Ұлыбританияға өткісі келетін заңсыз босқындарға қарсы күресті қаржыландыру үшін берген уәдесін орындауға шақырды.

Дарманин ағылшын үкіметінің уәде берген қаржыны төлемегенін білдірді.

Франция мен Ұлыбритания арасында босқын көші соңғы кездері екі ел арасында келіспеушілікке сееп болуда.

Француз жағалау қауіпсіздігінің деректеріне қарағанда,  биылғы жылдың тек алғашқы сегіз айында 15 мың 400 кісі шекарадан өтуге тырысты.  Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда елу пайыз артты дегенді білдіреді.



Ұқсас жаңалықтар