Ақылы әскерлер Ливиядан кете бастады

Бұл туралы хабарды Ливия Сыртқы істер министрі растады.

1714167
Ақылы әскерлер Ливиядан кете бастады

Ливия Сыртқы істер министрі Неджла әл Менгуш өте аз ақылы әскердің елден кеткенін білдірді.

Ол Кувейт сапары барысында әріптесі Ахмед ән Насыр әс Сабахпен бас қосты. Менгуш кейбір ақылы әскерлердің елден кеткені туралы хабардың рас екенін білдіріп,  мұның бастау екенін айтты. Ақылы әскерлердің проблема екеніне назар аударып, министр: «БҰҰ басшылығындағы 5+5  Ортақ әскери комитеттің жоспары мен күнтізбесіне қарай барлық ақылы әскерлердің Ливия жерінен кетуін күтеміз» деді.

Министр сонымен бірге елдегі парламент және президенттік сайлаудың бір уақытта өткізілуі үшін жұмыстанғандарын білдірді.

Ливиялық министр қолдау бергені үшін Кувейттің Ұлттық бірлік үкіметіне ризашылығын жеткізді.

Кувейттік министр Сабах болса екі ел арасында аймақтық және халықаралық аренадағы көптеген мәселеде көзқарастарының үйлесімді екенін меңзеді.

Ол елінің Ливия президенттік кеңесіне және ұлттық келісімсе сай қалыптастырылған үкіметке берген қолдауын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар