Талибан үкіметі шетелдік елшілермен бас қосты

Емирхан Муттаки Кабулдағы шетелдік дипломатия өкілдерімен бас қосты.

1713138
Талибан үкіметі шетелдік елшілермен бас қосты

Ауғанстанда Талибанның уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрінің өкілі Емирхан Муттаки Кабулдағы шетелдік дипломатия өкілдерімен бас қосты.

Талибан хабарлама жасап, Муттакидің дипломатиялық миссия басшыларына министрлік ғимаратында қонағасы бергенін білдірді.

Қонағасыға Талибан үкіметінің вице-премьерінің өкілі Абдулгани Бирадер де қатысты. Осындағы сөзінде Муттаки Кабулда кейбір елдердің дипломатиялық істерін жалғастырғанына қуанышты екендерін айтты.

Аталмыш елдердің миссияларының істерін жалғастыруын қалайтындарын білдірген Муттаки шетелдік өкілдердің қауіпсіздігін қамдаудың өздері үшін басты міндет екенін атап көрсетті. Ол Ауғанстанда саяси өзгерістен кейін гуманитарлық көмек жолдаған елдерге айырықша алғыс айтты.

«Біз елде жаңа үкімет жүйесін құрып,  әлеммен қатынас құрып, жаңа саяси кезең бастағымыз келеді» деді ол. Муттаки әлем елдерімен өзара мүдделер бойынша жақсы қатынас құрғысы келетіндерін тілге тиек етіп,  барлық елдердің Ауғанстанда шала қалған жобаларын аяқтауларын қалайтындарын, Талибанның осыған қолдау беретінін атап көрсетті.

Бирадер де осында сөйлеген сөзінде «Біздің ешкіммен проблемамыз жоқ. Егер бізбен проблема болса, диалог арқылы шешуге дайынбыз. Біздің үкімет біреуге зиян тигізетін саясат атқармайды» деді.

Бағдарламаға Түркия атынан өкілетті елші Джихад Ергинай қатысты.



Ұқсас жаңалықтар