Қылмыстық сот Саркози "айыпты" деп шешім қабылдады

Париж соты Францияның экс-президенті Николя Саркозиді "айыпты" деп шешім қабылдады.

1712858
Қылмыстық сот Саркози "айыпты" деп шешім қабылдады

Францияның экс-президенті Николя Саркози 2012 жылы жеңілген президенттік сайлауды заңсыз қаржыландырғаны үшін сотталған отырыста «күнәлі» деп танылды.

Париж қылмыстық сотында 20 мамырдан бері жалғасып келе жатқан сот процесінде Саркози сайлауды «заңсыз қаржыландырғаны» үшін сотталды.

Сот отырысқа қатыспаған Саркозидің сайлау науқанында 16 миллион 247 мың 509 еуролық заңдық шекті асқанын білетіні туралы шешім қабылдады. Сот іс бойынша 13 адамды «кінәлі» деп тапты.

Саркози бір жылға үй қамауына кесілді.

2007-2012 жылдары арасында президенттік міндет атқарған Саркози маусым айында сотқа берген түсініктемесінде өзіне тағылған айыптарды мойындамаған болатын.

Николя Саркози 1 наурыз күні де айыпталған «телефон тыңдау» ісі бойынша 2 жылы кейінге қалдырылып, барлығы 3 жылға сотталған еді.



Ұқсас жаңалықтар