Испанияда жанартау ұшқыны апатқа айналды

Жанартау ұшқыны шашылған 300 гектардан астам алаңдағы 589 үйді қамтыған 686 ғимарат күлге айналды.

1712201
Испанияда жанартау ұшқыны апатқа айналды

Испанияның оңтүстік батысындағы Канар аралдары тобынан Ла Пальмада 19 қыркүйектен бері қозғалған Cumbre Vieja жанартауы шашқан от ұшқыны 10 күннен кейін Атлант мұхитына төгіле бастады. 

Ла Пальма аралында электр бағаналарын құлатып, жағалау автожолынан асқан от ұшқыны түнде Лос-Гуарес жағажайына жетіп, мөлшермен 100 метрлік жардан теңізге құйылды.

Мамандар 1100 цельсий градустан ыстық болған ұшқындар 20 цельсий градус болған теңіз суымен тоғысқанда химиялық реакция беріп, улы газ шығаруы мүмкін екенін білдірді.

Аймақтағы лауазымдылар от ұшқыны теңізге құйылған жерден кемінде 3.5 километр алыста тұру керектігін ескертті және бақылаудың артқанын білдірді.

Cumbre Vieja жанартауы шашқан от ұшқыны Ла Пальма аралына дейінгі 24 километрлік жолды қолдануға келмейтін күйге келтірді, ұшқын шашылған 300 гектардан астам алаңдағы 589 үйді қамтыған 686 ғимарат күлге айналды.



Ұқсас жаңалықтар