Еуропа Одағы Қытаймен жалғасты жұмыс істейді

Жозеп Боррель Қытай мен Еуропа Одағының келіспеушіліктеріне қарамастан жалғасты бірге жұмыс істеуі керектігін айтты.

1711987
Еуропа Одағы Қытаймен жалғасты жұмыс істейді

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррель Қытай мен Еуропа Одағының келіспеушіліктеріне қарамастан жалғасты бірге жұмыс істеуі керектігін айтты.

Боррелльдің офисінен жасалған мәлімдемеге қарағанда 11-ші Еуропа Одағы-Қытай Стратегиялық диалог жиналысы ұйымдастырылды.

Қытай Сыртқы істер министрі Ванг Имен кездескен Жозеп Боррель келіспеушіліктердің болғанын, алайда Еуропа Одағы мен Қытайдың көптеген маңызды тақырыпта бірге жұмыс істеуі және Еуропа Одағы-Қытай адам құқықтары диалогының қайтадан басталуы керектігін түсіндірді.

Боррель келесі жиналыстың осы жылдың аяғынан бұрын өткізілуін тілегенін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар