Швециядағы жарылыста 16 кісі жараланды

Мартин Халлбера жарылыстың жергілікті уақыт бойынша сағат 04.48-де Аннедаль аймағындағы бір ғимаратта болғанын айтты.

1711586
Швециядағы жарылыста 16 кісі жараланды

Швецияның Гетеборг қаласында болған жарылыста 16 адам жараланды.

Гетеборг қаласында белгісіз себептен жарылыс болды.

Швеция мемлекеттік телеарнасы STV-нің хабарына қарағанда полиция мәлімдемешісі Мартин Халлбера жарылыстың жергілікті уақыт бойынша сағат 04.48-де Аннедаль аймағындағы бір ғимаратта болғанын айтты.

Жарылыста шыққан өрттің 15 өрт сөндіру көлігімен сөндірілгенін айтқан мәлімдемеші  жараланған 16 адамның ауруханаға жеткізілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар