Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде реформаны қолдайды

Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілуіне көп уақыттан бері қолдау бергендерін жариялады.

1711491
Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде реформаны қолдайды

Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілуіне көп уақыттан бері қолдау бергендерін жариялады.

Франция Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Агнес фон дер Муль бір журналистің «Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ мүшелерінің құқықтарын кеңейту үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесін өзгерту мақсатымен бір жол картасының бар екенін білдірді. Осы тақырыпта Францияның пікірі қандай?» деген сұрағына жазбаша жауап берді.

«Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілуін көп уақыттан бері қолдап келеді.  Франция әрі тұрақты,  әрі уақытша екі категорияда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілуін қолдайды» деген сөздер қолданған Муль осы шеңберде Францияның Германия, Бразилия, Үндістан және Жапонияның БҰҰҚК мүшелігі мен Африка елдерінің мүшеліктерінің арттырылуы керек деп ойлайтынын білдірді.

Президент Ердоған 23 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында «Әділ әлем мүмкін» деген жаңа кітабында Қауіпсіздік кеңесінің ауқымды реформа қажет ететіні туралы пікірін жазғанын еске салып еді.



Ұқсас жаңалықтар