Кабул әуежайы рейстердің ұшуына дайын

Талибан техникалық ақаулардың жөнделгенін хабарлады.

1710884
Кабул әуежайы рейстердің ұшуына дайын

Ауғанстанда билікті қолына алған Талибан Кабулда Халықаралық Хамит Карзай әуежайындағы техникалық ақаулардың жөнделгенін және рейстердің жалғасатынын хабарлады.

Ауғанстанда Талибанның уақытша үкіметінің Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи Халықаралық Хамит Карзай әуежайынан игерілетін рейстер жөнінде әлемнің барлық авиакомпанияларымен ынтымақтастық шеңберінде қозғалатындарын білдірді.

Балхи Кабул әуежайындағы техникалық ақаулардың жөнделгенін атап көрсетіп, бұдан бұрын ұшқан барлық авиакомпаниялар мен елдердің Ауғанстанға рейстерін жалғастыруын күткендерін айтты.

Ол Ауғанстандағы саяси өзгеріс авиация саласында бірқатар олқылықтарға жол ашыпғ  әуе жолы қатынасын тоқтатқанын еске салды.  Енді ел ішіндегі ішкі желі рейстерінің де басталатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар