БҰҰ Бас хатшысы Түркияға алғысын білдірді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Нью-Йорктегі Түрікүйі ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.

1708454
БҰҰ Бас хатшысы Түркияға алғысын білдірді

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркияға «Қорғауға мұқтаж босқындарға қолдау көрсеткеніңіз үшін (Түркия) шынайы алғысымды білдіргім келеді» деді.

Антониу Гутерреш Түркияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілеттігі мен Түркияның Бас консулдығы орналасатын Нью-Йорктегі жаңа Түрікүйі ғимаратының ашылу салтанатында Түркия мен БҰҰ арасында тамаша бір ынтымақтастық бар екенін айтты.

«Түркия мен түрік қоғамының босқындарға деген үлкен жомарттығымен таныспын» деген Гутерреш «Қорғауға мұқтаж босқындарға қолдау көрсеткеніңіз үшін (Түркия) шынайы алғысымды білдіргім келеді» деді.

Соғыстар, зорлық-зомбылық, қысым мен адам құқықтары қылмыстарынан қашқан адамдар санының рекордтық деңгейге ұласқанын мәлімдеген Гутерреш «Түркияның халықаралық қоғамның да қолдауымен қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенімдімін. Бұл баршамызға қатысты ынтымақтастық» деді.

Түркияның қақтығыстарды тоқтату үшін маңызды құралдарының бірі болып табылатын «Делдалдық Достық тобы» тең төрағалығын да қоса алғанда Түркиямен тығыз ынтымақтастықтың жалғаса беретінін айтты.

Гутерреш кейінірек президент Ердоған тарапынан қабылданды. Кездесу барысында Сирия, Ливия, Ауғанстан мен Кипр мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар