Еуропа Парламенті Талибан үкіметін танымауға кеңес берді

Алайда гуманитарлық жағдай үшін оперативтік қатынас құрылуын көздеген шешім жобасы қабылданды.

1707186
Еуропа Парламенті Талибан үкіметін танымауға кеңес берді

Еуропа Парламенті Ауғанстанда Талибан құрған үкіметті танымау,  алайда гуманитарлық жағдай үшін оперативтік қатынас құрылуын көздеген шешім жобасын қабылдады.

Жобада депутаттар Талибан құрған үкіметті тануға қарсы шықты, елдің болашағына алаңдайтындарын атап көрсетті.

Жобада сонымен бірге Америка Құрама Штаттары жасақтарының Ауғанстаннан кетуімен басталған саяси процесс және әскери жоспарлаудың бір жақты түрде,  НАТО одақтастарымен жеткілікті координациясыз жүзеге асырылуына деген өкініш орын алды. Кабулдағы құтқару операциясы барысында Еуропа Одағы елдері арасында әсіресе АҚШ-пен байланыста ешбір ынтымақтастық пен координация жасалмағанына назар аударылды.

Еуропа Парламентінің шешімінде сонымен бірге Ауғанстаннан кеткен бұрынғы президент Ашраф Ғани үкіметінің фондтарды өз аттарына аударуы туралы хабарлардың тексерілуі де талап етілді.



Ұқсас жаңалықтар