Голландияда пышақпен жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты

Overijssel аудандық полициясы Твиттерден хабарлама жариялады.

1707367
Голландияда пышақпен жасалған шабуылда 2 адам қаза тапты

Голландияның Алмело қаласындағы пышақпен жасалған шабуылда жарақат алған 2 адам қаза тапты.

Overijssel аудандық полициясы Твиттерде жасаған хабарламасында Стейнстрат даңғылындағы пышақпен шабуылдың салдарынан 2 адам қаза тауып, 1 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде шабуылдаушы екені болжалған бір күдіктінің өз үйінде жаралы ұсталғаны атап көрсетілді.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейне көріністерде шабуылдаушы деп есептелген күдіктінің шабуылының артынан үйінің балконынан көшеге қарай кездейсоқ оқ жаудырғаны көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар