Франция наразылық білдіріп, достық кешін болдырмайды

Елшілік АҚШ-Франция достық кешін болдырмау шешімін қабылдағандарын білдірді.

1707247
Франция наразылық білдіріп, достық кешін болдырмайды

Франция Австралияның сүңгуір алуда Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания тарапынан шетте тасталғаннан кейін Вашингтонда өтетін АҚШ-Франция достық кешін болдырмайтын болды.

Францияның Америкадағы елшілігі жұма күніне жоспарланған АҚШ-Франция достық кешін болдырмау шешімін қабылдағандарын білдірді.

Достық кеші Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздік соғысында Франция теңіз күштерінің көмегімен Ұлыбританияға қарсы жүргізілген Chesapeake шайқасының 240 жылдығына арналған еді. Осы шайқастың 240 жылдығына орай жоспарланған басқа шаралар өткізіледі.

АҚШ президенті Джо Байден Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және Австралия премьер-министрі Скот Моррисонмен өткізген онлайн конференцияда AUKUS атты жаңа қауіпсіздік ынтымақтастығының құрылғанын білдіріп, АҚШ пен Ұлыбританияның Австралиямен атомдық суасты технологиясын бөлісетінін хабарлаған болатын.

AUKUS келісімімен бірге Австралияның 2015 жылдан бері Франциямен жүргізіп келген 90 миллиад долларлық жобасын доғарды.

Осы жағдайға наразылық білдірген Франция Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрі Австралия үкіметінің Франциямен бағдарламасын тоқтатуының және АҚШ-пен атом энергиялы сүңгуір өндіруі тақырыбында келісімге келуінің ынтымақтастық рухына қайшы екенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар