Иран көршілерімен жақсы қатынас құрғысы келеді

Реиси Душанбеге аттанып кетті.

1706837
Иран көршілерімен жақсы қатынас құрғысы келеді

Иранның президенті Ибрахим Реиси елінің сыртқы саясатта басымдылығының көршілер секілді аймақ елдерімен жақсы қатынас құру екенін айтты.

Иранның ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Реиси Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мемлекет басшылары саммитіне қатысу мақсатымен Тәжікстанның бас қаласы Душанбеге аттанбастан бұрын баспасөз мәслихатын өткізді.

Реиси осы мәслихатта Тәжікстан мемлекет басшысы Имамали Рахманның шақыруымен ШЫҰ саммитіне қатысатынын білдірді. «Тәжікстан сапары мәдени, экономикалық және саяси салада осы елдермен қатынасымызда жаңа парақ ашады» деді ол.

Реиси Тәжікстан сапары шеңберінде осы елмен құқық, экономика және егіншілік салаларында келісімдерге қол қойтындарын және саммитке қатысатын ел басшыларымен кездесетінін білдірді. Ол елінің аймақтық ынтымақтастыққа көп мән беретінін айтып: «Иран аймақтық ынтымақтастық тақырыбындағы ең ықпалды ұйымдардың бірі Шанхай Ынтымақтастық ұйымында белсенді рол алады» деді.

Иран мемлекет басшысы Реиси елінің Азия елдеріне бағытталған сыртқы саясатқа басымдық беретінін атап көрсетті. «Осы елдермен, әсіресе көрші елдермен қатынастардың нығайтылуы және жетілдірілуі - Иранның басымдықтарының бірі» деді ол.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Мемлекет басшыларының  21-ші саммиті 16-17 қыркүйек күндерінде Душанбеде өтеді.



Ұқсас жаңалықтар