Тунистегі партиялар конституцияның тоқтатылуына қарсы

Тунистегі 5 саяси партия конституцияны тоқтату талаптарына қарсы екенін мәлімдеді.

1706373
Тунистегі партиялар конституцияның тоқтатылуына қарсы

«Демократиялық ағым», «Афак Тунис», «Текеттүл», «Жумхуриет» және «Эмел» партиялары елдегі пікірталастармен байланысты ортақ мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде конституцияны тоқтатуға мүлде қарсы екеніне баса назар аударылып, Президент Кайс Саидтің тунистіктерге берген уәдесін орындап, конституцияны қорғап құрметтейтіні жөнінде мемлекет басшысы сайланған кезде ішкен антына бағынуы талап етілді. 

Президент Саидтен өтініштері тізімделген мәлімдемеде «елді банкроттық тәуекелінен қорғау үшін Тунистің әлеуметтік-экономикалық үмітіне жауап бере алатын және мемлекеттік қаржы дағдарысын шешетін тиімді және тәуелсіз премьер-министрді тағайындау қажеттігі» баса айтылды. 

Заңсыз мінез-құлықты дереу тоқтатуды талап еткен мәлімдемеде партиялардың елге белгілі бір саяси бағытты енгізетін жеке бастаманы еш қабылдамайтындығын, демократиялық шеңберде келіссөз бен мемлекеттік басқаруға қатысуды ұстанатыны жарияланды. 

Мәлімдемеде елдегі азаматтық, демократиялық, әлеуметтік және саяси топтар белгісіз жағдайдан шығу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. 

Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан Sky News Arabia телеарнасына мәлімдеме жасаған Тунис президентінің кеңесшісі Валид әл-Хужжам 2014 жылы құрылған саяси жүйенің енді жалғастырыла алмайтынын айтып, елде президенттік жүйеге көшу туралы дайындық жүргізіліп жатқанын жариялаған. 



Ұқсас жаңалықтар