Жапония Ресейге нота берді

Жапония әуе кеңістігін бұзған орыс әскери ұшағы себепті Ресейге қатаң наразылық білдірді.

1705976
Жапония Ресейге нота берді

Жапония Үкіметінің Бас хатшысы Като Кацунобу ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Хоккайдоның солтүстігінде бір орыс әскери ұшағының әуе кеңістігін бұзуын протест етті.

Орыс әскери ұшағының әрекетін «қатаң түрде протест еткендерін» атап көрсеткен Като Мәскеу әкімшілігіне оқиғаның қайталанбауын ескертті.

Ресейге нота бергендерін білдірген Като Токио үкіметінің әуе кеңістігін бұзу себеп-салдарын талдап жатқанын айтты.

Жапония Қорғаныс министрлігі орыс әскери ұшағының 12 қыркүйек күні таңертең Хоккайдоның солтүстік шығысында орналасқан Ширетоко түбегінде екі рет өзінің әуе кеңістігін бұзғанын жариялаған еді.

Жапония Әуе қорғаныс күштеріне тиесілі әскери ұшақтардың «ит төбелесі» деп аталатын әуедегі жекпе-жектің артынан аймақтан алыстағаны атап көрсетілген еді.



Ұқсас жаңалықтар