Жаңа Зеландиядан Ауғанстанға гуманитарлық көмек

Жаңа Зеландия Ауғанстанға 3 миллион долларлық гуманитарлық көмек жасағанын жариялады.

1705704
Жаңа Зеландиядан Ауғанстанға гуманитарлық көмек

Жаңа Зеландия Ауғанстанға 3 миллион долларлық гуманитарлық көмек көрсеткенін жариялады.

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасынан мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Наная Махута гуманитарлық көмектің әсіресе әйелдер мен балаларға қол жетімді болуы үшін БҰҰ Балалар қорына (UNICEF) және БҰҰ-ның халықтар қорына берілгенін жеткізді.

Махута қамтамасыз етілген 3 миллион долларлық көмектің 2021 жылы 20 тамыз күні Ауғанстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен БҰҰ-ның Босқын агенттігіне жеткізілген 3 миллион долларлық көмекке қосымша екенін айтты.

Ауғанстанда 20 жылға жуық қызмет еткен әскери жасақтарын мамыр айына дейін шығарған осы елдегі азаматтары мен виза берілген ауғандықтарды эвакуациялау жұмыстарын Жаңа Зеландия Әскери-әуе күштеріне тиесілі әскери жүк ұшақтарымен 27 тамыз күні аяқтаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар