Украина 4 дана «Bayraktar TB2» алады

Бұл туралы Украина Бас штаб басшысы Валерий Залужный мәлімдеді.

1705697
Украина 4 дана «Bayraktar TB2» алады

 

Украина «Bayraktar TB2» дрондарынан 4 дана алады.

Украина 2021-2022 жылдар үшін 4 дана «Bayraktar TB2» ұшқышсыз әуе аппаратын сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Украина Бас штаб басшысы Валерий Залужный мәлімдеді. Ол биыл 1 дана ұшқышсыз әуе аппаратын комплексін инвентарына қосқандарын еске салды.

2021-2022  жылдар үшін тағы 4 дана сатып алуды жоспарлағандарын айтқан Залужный «Айырықша болашақта осындай дрондарды отандық өндіріс ретінде инвентарымызға қосуға ниетіміз бар» деді.

Бас штаб төрағасы бұлардың жеткілікті емес екенін,  оларды ықпалды түрде қолдануды үйренулері керектігін айтты.

Украина Қарулы күштері 2019 жылы Түркиядан алты дана ұшқышсыз әуе көлігін салып алған болатын.

Шілде айында бір дана жүйе Украина Теңіз күштеріне тапсырылған еді.



Ұқсас жаңалықтар